Жаңалықтар

«111 - АМАНАТ» байланыс орталығы: 24/7 зорлық-зомбылыққа қарсы

«111 - AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылды. Аталмыш сенім телефонына тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг кұрбандары болған қазақстандықтар тәулік бойы хабарласа алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.