2024 жылдың 4 қазан күні Нархоз университетінде Америка университетінің (Вашингтон, АҚШ) гендерлік экономиканы зерттеу орталығы экономикадағы гендерлік талдау бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырған «Ерлер мен әйелдердің тең экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік сектордың, ғылыми топтардың, халықаралық, қоғамдық ұйымдар мен бизнестің сарапшылары Қазақстан экономикасындағы өзекті гендерлік мәселелерді талқылады. Талқылаулар мен пікір алмасу барысында тиімді шешімдер әзірленіп, гендерлік теңдікті ілгерілету, жұмыспен қамтуды арттыру және елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылдың ортақ нүктелерін айқындауға мүмкіндік туды.
Дөңгелек үстел әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған тұрақты даму мақсаттары мен мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде өткізілді. ҚР Президентінің жақында шыққан «Адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» жарлығы гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған бірқатар шараларды қамтиды. Экономикалық мәселелерді қарастыруға гендерлік көзқарас бүкіл әлемде басымдыққа ие болды.
Нархоз университетінің президенті Канат Кожахмет құттықтау сөзінде Нархоздағы гендерлік теңдіктің қандай маңызы бар екендігімен бөлісті. «Біздің университет қызметкерлерінің жалпы санының 71%-ы-әйелдер, талантты ұйымдастырушылар, өршіл көшбасшылар, өз ісіне берілген кәсіпқойлар. 100 адамның ғылыми дәрежесі бар (14 ғылым докторы, 57 ғылым кандидаты, 29-ы PhD докторы). Нархоздың 11 өкілі әлемнің озық жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Гранттық жобалардың ғылыми жетекшілерінің 50%-н әйелдер ұсынады», - деді ол.
Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (Gender Economics Research Center-GERC) Нархоз Университетінің қарамағындағы бүгінгі таңда Қазақстандағы және Орталық Азиядағы гендерлік экономика саласындағы жалғыз зерттеу орталығы болып табылады және стипендиялық бағдарламалар шеңберінде сарапшы-зерттеушілерді оқытуға маманданған. Орталық қызметкерлері Дүниежүзілік банк, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы, USAID, сондай-ақ мемлекеттік сектор үшін гендерлік мәселелер бойынша сарапшы-кеңесші ретінде әрекет етеді. Халықаралық сарапшылармен тығыз ынтымақтастықта GERC Қазақстан және Орталық Азия бойынша зерттеулер жүргізеді, олардың нәтижелері әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі стратегияларды әзірлеуде сұранысқа ие.
Сонымен қатар, Нархоз Қазақстан мен өңірдегі білім беру процесіне «Гендерлік экономика» курсын әзірлеген және енгізген жалғыз университет болып табылады. Қазір бұл курсты Орталық Азия өңірінің басқа жоғары оқу орындарына ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нархоз университеті мен гендерлік экономиканы зерттеу орталығының алдағы жоспарларында жобаларды іске асыру, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, күтім экономикасы және Қазақстанда төленбейтін еңбек бойынша тренингтер өткізу үшін платформа болу.