Жаңалықтар

Нархоз Университеті мен «Асар-Уме» мәдени-білім беру қоры әлеуметтік және білім беру бастамалары үшін күщ біріктіреді

Нархоз Университеті мен «Асар-Уме» мәдени-білім беру қоры» қоғамдық қоры Қазақстанда қайырымдылық пен әлеуметтік қолдауды нығайтуға және дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік мәдениет, білім, ғылым, волонтерлік және спорт саласындағы жобаларды іске асыру үшін ЖОО мен қордың ресурстары мен күш-жігерінің синергиясын көздейді.
Меморандумға «Асар-Уме» мәдени-білім беру қорының бас директоры Ақниет Дініслам мен Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет қатысуларымен қол қойылды.
Тараптар әлеуметтік бастамалар клубын құруға және қайырымдылықты, ғылым мен білім беруді дамытудың жаңа құралдарын ұсынуға ниетті. «Асар-Уме» мәдени-білім беру қоры мәдени, ғылыми, білім беру, әлеуметтік-тәрбие саласындағы жобаларды құру және дамыту мәселесі бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді. Нархоз университеті өз тарапынан бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ студенттерді оқыту мен тағылымдамадан өткізу және профессор-оқытушылар құрамымен өзара іс-қимыл жасау үшін инфрақұрылым ұсынады.
«Асар-Уме» мәдени-білім беру қорының мәдени, ғылыми, білім беру, әлеуметтік-тәрбиелік және қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру шеңберінде біз студенттер мен еріктілер қозғалысының өкілдерін тартатын боламыз», – деп атап өтті «Асар-Уме» мәдени-білім беру қорының бас директоры Ақниет Дініслам.
Бұдан басқа, серіктестер зерттеу, ғылыми және қоғамдық маңызы бар жобаларда бірлесіп жұмыс істеуде, сондай-ақ студенттерді даярлау сапасын жақсарту және тренингтер, қонақ дәрістері және студенттерді қайырымдылық жобалар мен бастамаларға тарту арқылы «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту процесін жетілдіру мақсатында ортақ негіз тапты.
«Бірлескен жұмыс қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуы мен нығаюына ықпал етеді. Біздің ынтымақтастығымыз студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Күш-жігерді біріктіре отырып, Нархоз университеті мен «Асар-Уме» мәдени-білім беру қоры мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, Қазақстанда қайырымдылық мәдениетін дамыта отырып, әлемді жақсартуға ұмтылады», - деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет.
Білім мен ресурстарды біріктіре отырып, Нархоз университеті мен «Асар-Уме» мәдени-білім беру қоры жас ұрпақты әлеуметтік өзгерістерге белсенді қатысуға шабыттандыруға ұмтылады. Меморандум әлеуметтік бастамалар мен білім беру жобаларын дамытудың жаңа кезеңін бейнелейді және бүкіл қоғам үшін оң өзгерістер әкеледі.