Жаңалықтар

Нархоз Университеті делегациясы ректор м.а. С.Г.Буянскийдің басшылығымен Өзбекстанның Ташкент қаласындағы

Нархоз Университеті делегациясы ректор м.а. С.Г.Буянскийдің басшылығымен Өзбекстанның Ташкент
қаласындағы Әлемдік экономика және дипломатия университетіне жұмыс сапарымен барып келді.
Кездесу барысында ғылым саласы, бірлескен білім беру бағдарламалары, студенттер мен оқытушыларға
қатысты академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды.
Өзбекстандық әріптестермен болған кездесуде ректор м.а. С.Г.Буянский "Шетелдің жетекші
университеттерімен тәжірибе алмасу арқылы оқытушылардың құзыреттерін арттыруға мүмкіндік беретін
халықаралық қатынастарды дамыту өте маңызды" деп атап өтті.
Кездесу нәтижесінде Университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.