Жақында маған кейбір студенттерден техникалық мүмкіндіктердің болмауына немесе интернеттің әлсіздігіне байланысты қысқы сессияны болдырмау туралы өтініштер мен ұсыныстар келіп түсе бастады.
Өкінішке орай, бұл мүмкін емес, өйткені кез-келген оқу процесі оқу нәтижелерін тексеруді және білімді анықтауды талап етеді.
Бірде-бір оқытуды объективті бағалаусыз аяқталған деп санауға болмайды. Алайда, біз қазіргі жағдайды ескере отырып, сіздердің өтініштеріңізді елеусіз қалдыра алмаймыз.
Техникалық қамтамасыз ету және жарақтандыру мәселелерін шешу үшін Нархоз Университеті бүкіл ел бойынша филиалдары бар Ustudy компаниясымен арнайы келісім жасасады. Егер сізде техникалық мәселелер орын алса немесе үйде емтихан тапсыруға мүмкіндігіңіз болмаса, сіз жақын маңдағы Ustudy кеңсесіне келіп, емтиханды тыныш жағдайда және сенімді Интернет байланысы бар жерде тапсыра аласыз. Егер сіз Алматыда немесе қала маңында тұрсаңыз, емтиханды Нархоз Университетінің ғимаратында тапсыруға болады.
Ustudy кеңселерінде емтиханды ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды Университет өз мойнына алады. Филиалдың мекен-жайы көрсетілген барлық нұсқаулықтар жеке хатпен жіберіледі.
Қорытындылай келе, біз бүгінгі күні белгісіздік пен форс-мажор орын алған жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, оқытудың жоғары деңгейін сақтап қалдық және оқудың пайдалы, ыңғайлы және қызықты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.
Сессия - бұл тек сіздің еңбегіңіз бен күш-жігеріңізді аралыққорытындылайтын білім беру процесінің кезекті кезеңі ғана. Ілгері даму үшін алған біліміңізді қолданыңыз.
Сізге шын жүректен емтихандарда сәттілік тілеймін!