2025 жылғы 24 ақпанда Нархоз Университетінің Гуманитарлық мектебінде Айка Алеми – арт-директор, Aika Alemi дизайнерлік желісінің жəне Born Nomad Incubator негізін қалаушы, маркетинг бойынша бизнес-тренер қонақ дəрісін өткізген болатын.
Университет бұл іс-шараның кейбір қатысушылар арасында теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреді жəне шынайы кешірім сұрайды. Біз студенттердің пікірін жоғары бағалаймыз жəне олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен кері байланысы үшін алғысымызды білдіреміз.
Осы оқиғаға байланысты келесі түсініктемені хабарлаймыз.
Айка Алеми университеттің тұрақты оқытушысы емес жəне «Жеке брендті нөлден қалыптастыру» атты тақырыбында дəріс оқу туралы жеке бастамасымен ұсынып, оны тегін өткізуге ниет білдірген еді. Алайда, дəріс барысында тақырыпқа сəйкес келмейтін əдістер мен тəсілдер қолданылды деп айтылды.
Нархоз университетінде жедел түрде Этика жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, жағдай жан-жақты талқыланды. Тексеру нəтижесінде дəріс барысында Этика кодексінің бұзылғаны анықталды. Қолданыстағы Этика кодексіне сəйкес, кез келген саяси жəне діни үгіт-насихатқа қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты жауапты қызметкерлерге тəртіптік шаралар қолданылды.
2025 жылғы 3 наурызда Гуманитарлық мектеп басшылығы студенттермен кездесу өткізіп, іс-шараға қатысушылардан ресми түрде кешірім сұрайды. Университет қонақ дəрістерін ұйымдастыру, өткізу жəне модерациялау жұмыстарын күшейтіп, бағдарламалар мен спикерлердің əдістемелерін алдын ала келісу жүйесін енгізеді.
Айка Алеми де өз пікірін білдіріп: «Егер менің сөздерім, əдістерім мен іс-əрекеттерім университет қабырғасында орынсыз болып, студенттердің өзін жайсыз сезінуіне əсер еткен болса, мен кешірім сұраймын», – деп мəлімдеді.
Университет мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін тиісті шараларды қабылдайды.