Нархоз жеңістері – Алматы қаласының самбо чемпионатында
2025 жылғы 1-2 ақпанда Алматы қаласындағы ЦСКА спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан қала чемпионаты өтті. Біздің спортшылар керемет нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Назерке Тоқтасын – 3 курс студенті (Құқықтану) – әйелдер арасында спорттық самбодан 65 кг салмақ дәрежесінде 1 орын. Бағдәулет Сабырқұл пен Қанат Мәделхан – 1 курс студенттері (Құқықтану) – самбодан 58 кг салмақ дәрежесінде 3 орын. Қуат Ордабаев – Нархоз колледжінің оқытушысы – ерлер арасында спорттық самбодан 53 кг салмақ дәрежесінде 1 орын.
Спортшыларды құттықтаймыз және Нархоз құрамасының самбодан жаттықтырушысы – Маралбаев Асқар Құдайбергенұлына дайындығы мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз!