Заң және мемлекеттік басқару мектебінің жаңа деканы
Бүгін Заң және мемлекеттік басқару мектебінің ұжымына жаңа декан таныстырылды. Білім және ғылым саласында үлкен тәжірибесі бар, заң және мемлекеттік басқару саласының майталманы-Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы болды.
Декан Нұрсейіт Әбсаттарұлы Қазақстан, Ресей және АҚШ университеттерінде білім алған, заң ғылымдарының кандидаты. Білім және құқық саласының маманы ретінде мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі жылдарында Байжанов мырза бірқатар маңызды заң жобаларын әзірлеуге қатысты.
Сонымен бірге декан Н.Байжанов ректордың кеңесшісі қызметін қоса алып жүреді. Нархоз университетіне дейін Нұрсейіт Әбсаттарұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры қызметін атқарды.
Нархоз университетінің ұжымы жаңа деканға шын жүректен сәттілік тілейді! Декан Н.Байжановтың атынан біздің Университетіміз біліктілігі мен білімі Заң және мемлекеттік басқару Мектебінің одан әрі дамуына көмектесетін адал серіктес және жоғары білікті басшыны иеленгеніне сенім білдіреді.