2024 жылғы 17 қарашада Студенттермен жұмыс офисі Нархоз университетінің студенттері арасында Narxoz Chess Cup шахмат турнирін өткізді. Оған бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінен 68 қатысушы қатысып, интеллектуалды ойынға жоғары қызығушылық пен шеберлік көрсетті.
Турнир жылы және жарыстық атмосферада өтті. Қатысушылар стратегиялық ойлау, төзімділік және қарсыластарының жүрістерін алдын ала болжау қабілеттерін көрсетті.
Ерлер арасындағы турнирдің нәтижелері: 1 орын – Иса Амен (1 курс, Экономика және менеджмент мектебі) 2 орын – Нұрым Сейтқазы (2 курс, Цифрлық технологиялар мектебі) 3 орын – Аслан Абдрахманов (1 курс, Құқық және мемлекеттік басқару мектебі)
Қыздар арасындағы турнирдің нәтижелері: 1 орын – Аружан Абисали (2 курс, Цифрлық технологиялар мектебі) 2 орын – Юлия Ким (1 курс, Экономика және менеджмент мектебі) 3 орын – Гүлзада Тұрғанқұл (3 курс, Гуманитарлық мектебі)
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділік пен табандылықтары үшін, сондай-ақ көрермендерге қолдау мен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреді. Турнирдің бас төрешісі Мұрат Өтегеновта ойындарды кәсіби және әділ бағалаудағы, сондай-ақ турнирді ұйымдастырудағы жоғары деңгейдегі шеберлігі үшін ерекше алғыс айтылады.
Бұл шахмат турнирі Нархоз студенттерінің тек оқуда ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық қабілеттерімен де ерекшеленетінін тағы бір рет дәлелдеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шахматта да, басқа салаларда да жаңа жетістіктер тілейміз!