Украина азаматтарының құжаттарын қабылдау 16 мамырда басталады. Талаптарға тоқталатын болсақ, Нархоз Университетіне түсу үшін мектеп аттестатының орташа академиялық балы 4,00-ден төмен болмауы тиіс (немесе 80%). Украина немесе Ресейдегі жоғары оқу орнынан ауысуды жоспарлаған студенттің 2021 жылғы күзгі немесе 2022 жылғы көктемгі семестрінен кейін жалпы GPA көрсеткіші 70% төмен болмауы керек. Оқуға қабылданбас бұрын міндетті түрде сұхбат жүргізілетін болады.
Нархоз Университеті – болашақ экономистерді, қаржыгерлерді, аудиторларды, бухгалтерлерді, маркетологтарды, заңгерлерді, менеджерлерді және цифрлық технологиялар, қонақ үй бизнесі, туризм және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды оқытатын Алматыдағы (Қазақстан Республикасы) жетекші жеке жоғары оқу орны. Нархоз халықаралық аккредитацияларға ие, сонымен қатар университеттің білім беру бағдарламалары халықаралық сертификаттарға сай (ACCA, CIMA және т.б.).
Нархоз Қазақстандағы топ-5 жоғары оқу орын қатарында және университет түлектері «Үлкен төрттікке» кіретін PWC, E&Y, KPMG, Deloitte компанияларында ерекше сұранысқа ие.
Қосымша ақпарат алу үшін admission@narxoz.kz поштасына жазып хабарлассаңыз болады.
Нархоз Университетінің баспасөз қызметі