Жыл сайын Нархоз университетінде барлық құрылымдық бөлімдер мен Мектептердің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар – «Денсаулық-2025» қысқы Спартакиадасы өткізіледі. Биылғы Спартакиада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Іс-шараны университеттің Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, ол шын мәнінде спорт, бірлік және салауатты өмір салтының мерекесіне айналды.
Мектептер мен бөлімшелердің командалары сегіз спорт түрінен жарыстарға қатысты: баскетбол, волейбол, дартс, шағын футбол, шахмат, үстел теннисі, арқан тарту және жүзу.
Спартакиада жеңімпаздары:
●Шахмат: 1-орын – Ректорат командасы.
●Дартс: 1-орын – Ректорат командасы.
●Баскетбол: 1-орын – Нархоз университетінің Экономикалық колледжі.
●Жүзу: 1-орын – Нархоз университетінің Экономикалық колледжі.
●Үстел теннисі: 1-орын – Цифрлық технологиялар мектебі.
●Арқан тарту: 1-орын – Цифрлық технологиялар мектебі.
●Шағын футбол: 1-орын – Цифрлық технологиялар мектебі.
● Волейбол: 1-орын – Гуманитарлық мектеп.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленген Цифрлық технологиялар мектебінің командасы дипломдар мен сыйлықтардан бөлек, университеттің ауыспалы кубогын жеңіп алды!
Спорт пен белсенді өмір салты – біздің қызметкерлеріміздің өмірінде маңызды орын алады. Спартакиада жоғары спорттық жетістіктерді, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!