Нархоз университетінде қызметкерлер арасында «Денсаулық-2025» қысқы Спартакиадасы өтті
Жыл сайын Нархоз университетінде барлық құрылымдық бөлімдер мен Мектептердің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар – «Денсаулық-2025» қысқы Спартакиадасы өткізіледі. Биылғы Спартакиада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Іс-шараны университеттің Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, ол шын мәнінде спорт, бірлік және салауатты өмір салтының мерекесіне айналды.
Мектептер мен бөлімшелердің командалары сегіз спорт түрінен жарыстарға қатысты: баскетбол, волейбол, дартс, шағын футбол, шахмат, үстел теннисі, арқан тарту және жүзу.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленген Цифрлық технологиялар мектебінің командасы дипломдар мен сыйлықтардан бөлек, университеттің ауыспалы кубогын жеңіп алды!
Спорт пен белсенді өмір салты – біздің қызметкерлеріміздің өмірінде маңызды орын алады. Спартакиада жоғары спорттық жетістіктерді, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.