Жаңалықтар

Жаңа мектеп

Ректордың 2021 жылдың 2 ақпандағы №03-01/14 бұйрығына сәйкес, "Цифрлық инженерия және деректерді талдау" ғылыми-білім беру департаментінен тұратын "Цифрлық Технологиялар Мектебі" жаңа құрылымдық бөлімшесі ашылды. Бұл мектептің құзырына білім беру бағдарламалары тобының мынадай бағдарламалары тиесілі:
- В055 Математика және статистика;
- В057 Ақпараттық технологиялар;
- М094 Ақпараттық технологиялар.

Бұл құрылымдық-ұйымдық өзгерістер оқу орнына Университеттің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға мүмкіндік береді. Студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді жаңа бөлімшенің құрылуымен құттықтаймыз!
2021-02-16 14:49