Жаңалықтар

Расим Сулиев Нархоз Университеті Цифрлық технологиялар жоғары мектебінің Директоры қызметіне тағайындалды

Расим Сулиев Нархоз Университеті Цифрлық технологиялар жоғары мектебінің Директоры қызметіне тағайындалды. 

Бұған дейін ол ҚБТУ-да Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарған. Есептеу жүйелері және программалық қамтамасыз ету бағытында PhD дәрежесін алған. Информатика, компьютерлік инженерия, ақпараттық қауіпсіздік т.б. пәндерді оқытуда 15 жылдық тәжірибесі бар. Танымал журналдарға жарияланған 20-дан астам еңбектің авторы. 

Цифрлық технологиялар жоғары мектебінің директоры ретінде Расим цифрлық менеджерлерді, цифрлық медиа -дизайнерлерді, кибер және крипто қауіпсіздігі бойынша мамандарды және ақылды технологияларды әзірлеушілерді даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады.

Нархоз Университетінің баспасөз қызметі