Жаңалықтар

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ САПАСЫНА ДӘЛЕЛ

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ САПАСЫНА ДӘЛЕЛ

Нархоз Университеті қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту жұмысымен үздіксіз айналысып келеді. Халықаралық және ұлттық аккредитациядан да осы мақсатта жиі өтіп тұрады. 

Жарты жыл бойы, яғни 2020 жылдың қараша айынан бастап, университетте оқытылатын білім беру бағдарламаларының он жетісі Аккредитациядан өту және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (НААР) (ex-ante) арнайы аккредитациясынан өтті. Агенттіктің сараптама комиссиясы әр бағдарламаның ерекшелігін, сапасын жан-жақты зерттеді. Мектеп жетекшілері мен оқытушыларының ерен еңбегі ақталып, жеңіске жетті. 2021 ж. 27 мамырда НААР агенттігінің Аккредитациялау кеңесінің мәжілісінде Нархоз Университетінде оқытылатын осы 17 бағдарламаға Сертификат беру туралы шешім қабылданды. 


Экономика және менеджмент, Цифрлық технологиялар, Құқық және әлеуметтік ғылымдар мектебі және Бизнес жоғары мектебінен қатысқан әріптестерімізді бұл үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!