Университет ғылымының дамуында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ерекше рөл атқарады. Студенттік ғылымды дамыту, студенттердің ұжымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, белсенді сыни ойлауды қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 28 наурызында Нархоз университетінің қабырғасында жыл сайынғы «Narxoz Student Research-2023» студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараға қатысу үшін университеттің 100-ден астам студенттері мен магистранттары өз жұмыстарын ұсынды. Мақалаларды тексеру және жасырын рецензиялау қорытындысы негізінде зерттеу нәтижелерін баяндау үшін 25 үздік жұмыс таңдалды.
Конференция жұмысын Нархоз Университеті провостының м. а. Умирзаков С.Ы. ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол университетте студенттік ғылым қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті: студенттер университеттің ғылыми жобаларын іске асыруға белсенді қатысады, Scopus журналдарында
мақалалар жариялайды, «Student Research Club» шеңберінде зерттеулерді дамытумен айналысады.
Пленарлық отырыста «Экология» мамандығының 4-курс студенті Танатаров Әлішер өнеркәсіптік кәсіпорында фито-вегетативті қармауды жүзеге асыру жөніндегі университеттің ғылыми жобасына қатысу
тәжірибесі туралы айтып берді. Ол бұл қолданбалы зерттеулер жүргізу саласындағы кәсіби құзыреттілікті едәуір арттыруға мүмкіндік берген баға жетпес тәжірибе екенін атап өтті.

«Менеджмент» мамандығының 1-курс магистранты Баясова Айжан ұсынылған еңбегінде 2022 жылы Global-100 List-ке кірген компаниялардың озық тәжірибесін талдау арқылы тұрақты менеджментті
имплементациялаудың негізгі кедергілерін қарастырады. «Экономика» мамандығының 1-курс магистранты Сүлейменова Мөлдір өз жұмысында шетелдік еңбек көші-қонының экономикалық салдарын талдап, тәуекелдерді азайту шараларын ұсынды. Автордың заңсыз иммигранттарды «көлеңкеден» шығару бойынша шаралар қабылдау туралы тұжырымдары қызығушылық тудырады.

Студенттер зерттеу әдістерін меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті. Мәселен, «Қаржы» мамандығының 2-курс студенті Мадиярова Құралай өз жұмысында Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер көлеміне корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізеді. «Financial Risk Management» мамандығының 1-курс студенттері Токенгазина Азима мен Ким Ирина өз жұмыстарында субмәдениеттердің жастарға әсер ету деңгейін анықтау үшін респонденттерге жаппай сауалнама жүргізу
әдісін қолданды.
әдісін қолданды.
Сондай-ақ, конференция қатысушыларына «Экономика және қаржы» және «Мемлекет және тұрақты даму» секциялары шеңберінде зерттеу нәтижелерін таныстыру және пікір алмасу алаңы ұсынылды. Талқылау
аясында нәтижелі пікірталас өтіп, қорытындылар мен өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолдары қалыптасты.
Конференция қорытындысы бойынша жасырын рецензия нәтижесінде мақұлданған 70 студенттік жұмысты қамтитын материалдар жинағы шығарылады.