Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазақстандық демографиялық өтпелі модель: ерекшеліктері мен перспективалары»
«Нархоз» университеті ғалымдар, сарапшылар және мүдделі мамандарды 2025 жылғы 2-3 сәуірде өтетін «Қазақстандық демографиялық өтпелі модель: ерекшеліктері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми жобасы (ИРН АР19679152) аясында ұйымдастырылады.
Конференцияның мақсаты Конференция қазіргі қоғамның трансформациясы контексіндегі демографиялық өзгерістерді жан-жақты талдауға, олардың тұрақты экономикалық дамуға ықпалына және Қазақстанның ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалыптастырудағы рөліне бағытталған.
Форматы мен секциялары Конференция гибридті форматта өтеді (off-line және on-line ZOOM платформасында). Талқылаулар келесі секциялар аясында ұйымдастырылады:
1-секция: Әлемдегі демографиялық өтпелі кезең және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
2-секция: Қазақстан аймақтарындағы демографиялық процестердің қазіргі жағдайы
3-секция: Демографиялық өтпелі кезеңді ескере отырып, Қазақстан мен оның аймақтарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Байланыс ақпараты Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050035, Алматы, Жандосов көшесі, 55, «Нархоз» университеті, аудитория: А152