Жаңалықтар

"Әлеуметтік журналистика" бойынша алғашқы вебинар

Бүгін, яғни 26 мамыр күні, сағат 15.00-де New Media Skills жобасы аясында мәтін/аудио/видео форматта контент жасап үйренгісі келетін жандарға арналған вебинарлар сериясын бастаймыз. 
Ең алғашқы қонағымыз - Ирина Медникова, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан жастар ақпараттық қызметі Қамқорлық кеңесінің төрағасы. 

Алғашқы вебинар "Әлеуметтік журналистика" тақырыбында өтеді және әлеуметтік мәселелерге (қоғам мәселелеріне) арналады. Қатысушылар қандай мәселелерді қоғамдық деп атауға болады және оларды шешудегі журналистердің/блогерлердің рөлі қандай деген сұрақтарға жауап алады. 

Live көрсетілім https://www.youtube.com/c/NarxozUniversity  YouTube каналында өтеді. 

«New Media Skills for Youth in Kazakhstan» – Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен және қаржыландыруымен іске асырылып жатқан жоба.