«Соңғы үш жылда Нархоз университеті елімізде және аймақта қарқынды дамып келе жатқан, заманауи жоғары оқу орны ретінде беделге ие болып, үлкен жолдан өтті. Халықаралық дәрежедегі мықты оқытушылар, практиктер-жоғары деңгейдегі басқарушылар мен кәсіпкерлер жұмысқа тартылды. Талапкерлер алдында Нархоздың беделі артып келеді, сонымен бірге барлық мамандықтар бойынша конкурстық тұрғыдан іріктеу ісі күшейтілу үстінде», - деп атап өтті Директорлар Кеңесінің төрағасы Марат Атнашев.
«Таланттар үшін күресте Университет еліміз бойынша 33-тен 5-орынға дейін көтерілді, түлектердің дипломдары еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде мойындалады. Өткен жылы Нархоз бірден 7 халықаралық рейтингке кірді, олардың арасында беделді QS World University рейтингі бар. «Атамекен» ҰКП-ның жұмыс берушілер рейтингінде Нархоз алғаш рет түлектердің сұранысы бойынша жеке меншік жоғары оқу орындары арасында1-орын иеленді, ал Академиялық Адалдық лигасының рейтингінде Университет 13-ші орыннан 1-ші орынға көтерілді. Мұның бәрі керемет күш-жігерсіз, әріптестерімнің қажырлы еңбегінсіз, акционер Болат Өтемұратов, серіктестер, студенттер мен түлектердің қолдауынсыз мүмкін болмас еді, бұл үшін мен оларға аса ризамын. Қалыптасқан әлеует, яғни потенциал Нархозға өзінің қарқынды дамуын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп қорытындылады Мирас Дәуленов.
«ЖОО-ның 2007 жылы басталған үлкен трансформациясы бүгінде өз жемісін беріп жатыр. Бұл Университеттің сыртқы келбетінен де, білім беру саласындағы ең жақсы мамандар жинақталған басқару тобының сапасынан да көрініс тапты, ал профессор-оқытушылар құрамында үздік әлемдік жоғары оқу орындарының түлектері мен ірі қазақстандық және халықаралық компаниялардың жетекшілері ұсынылған. Нархозды сапалы жаңа деңгейге көтерген және оны дарынды студенттер үшін тартымдылық нүктесіне айналдырған, сөйтіп Университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін Мирас Дәуленов пен оның басшылығында болған ұжымға алғыс айтамын. Қанат Қожахметтің жаңа жетістіктерге белсенді түрде қол жеткізеріне сенемін, әрі сенімді бастама тілеймін».