Кәсіби дамудың жаһандық мүмкіндіктері Нархоз университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен әкімшілігі - бұл университеттің барлық қызметі мен жетістігінің негізі, сондай-ақ Нархоздың жаһандық артықшылыққа бейімділігі. Қызметкерлер үшін олардың халықаралық құзыреттерін, зерттеулерін, нетворкинг және кәсіби дағдыларын, модель мен байланыстардың шеңберінен тыс шығу арқылы кеңейту, дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Нархоз университетінің қызметкерлері мен оқытушылары бір аптадан бір жылға дейін созылатын әртүрлі бағдарламаларға қатысады, олардың ішінде ең көп тараған:
- Оқытушылар үшін ERASMUS кредиттік ұтқырлығы
- АҚШ Мемлекеттік департаментінің Кәсіби алмасу бағдарламалары
- UniCEN Американдық бағдарламасының халықаралық білім беру кеңестері
Дегенмен, оқытушылар мен қызметкерлер осы бағдарламалармен шектелмейді және қысқа мерзімді сапарлар мен конференциялардан неғұрлым ұзақ тағылымдамаға дейін қатысу үшін, басқа да халықаралық кәсіби мүмкіндіктер таба алады. Қызметкерлер халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін талқылау үшін, халықаралық даму және серіктестік басқармасына келе алады.
Қызметкерлер мен оқытушылар үшін Нархоз университетінде өздерінің кәсіби міндеттерін және қатысу бағдарламаны өз жетекшісімен келісу қажет, олар бағдарламаның әрекет ету уақытына демалыс ала алады, сондай-ақ Нархоз университетінің әлеуетін дамытуға көмек көрсету үшін бағдарлама барысында алынған білім мен ресурстарды қайтып оралғаннан кейін өз мамандануы шеңберінде пайдалану міндеттемесін өзіне алу қажет.