Нархозда біз әр талапкерге мұқият қараймыз және сізге өтініш беру мен түсудің әр кезеңінде көмек пен қолдау көрсетеміз. Біздің Қабылдау комиссиясы мен Шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс бөлімінің командасы бакалавриатта, магистратурада немесе докторантурада оқу кезінде туындауы мүмкін кез-келген сұрақтарға жауап беру үшін әрқашан сіздің көмекшіңіз болады. Біз Сізді асыға күтеміз және біздің университетте өз орныңызды табуға көмектескіміз келеді!
Ескерту. Ақпарат күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы ақпарат алу үшін мұнда басыңыз. Оқуға түсуге өтініш беру мерзімдері- Оқуға түсуге өтінішті ерте мерзімде қабылдау (1 қарашаға дейін, қабылдаудан бір жыл алдында)
Өтінішті беру ерте мерзімде басталса, университетті дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Өтініш берушілер 1 қарашаға дейін өтініш береді және бізден желтоқсан айының ортасында жауап алады. Егер сіздің үлгеріміңіз бен академиялық жетістіктеріңіз барлық уақыт бойы тұрақты болса, ерте өтініш беру сіз үшін оңтайлы таңдау болуы мүмкін. Нархозға бірден келудің қажеті жоқ, сізге келу қажеттілігі туралы алдын ала хабарлайды.
- Оқуға түсуге әдеттегі мерзімде өтініш қабылдау (1 тамызға дейін, қабылдау жылы)
Тапсыру мерзімі-1 шілде. Үміткерлер ай соңына дейін хабарлама алады, бұл студенттерге барлық қажетті құжаттарды, визаны алдын-ала дайындау, жол жүру мен тұруды жоспарлау үшін жеткілікті уақыт береді.
Маңызды ескерту: - ТМД елдерінен келген үміткерлерге виза алу қажеттілігі болмағандықтан және сапар алдында қажетті дайындық рәсімдерінің азырақ болуына байланысты -25 тамызға дейін өтініш берудің ұзартылған мерзіміне құқылы.
- Үміткерлерге виза алу және басқа да процедуралар үшін жеткілікті уақыт болу үшін түсуге өтініш қабылдаудың соңғы мерзіміне дейін екі айдан кешіктірмей өтініш беру рәсімін бастау ұсынылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Нархоз Университетінің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз, admissions@narxoz.kz электронды мекен-жайы бойынша.