Зерттеушілерге арналған Narxoz Winter School бастау алды!
Зерттеушілер үшін Narxoz Winter School басталды! Бүгін Narxoz Winter School-нің зерттеушілерге арналған алғашқы күні басталды. Біз Қазақстанның және жақын шетелдердің университеттері мен зерттеу орталықтарынан 400-ден астам өтінім алдық.
Мектеп жұмысының алдағы 5 күнінде тыңдаушылар алдында ғылыми зерттеулер жүргізудің түрлі мәселелері бойынша 17 тәжірибелі отандық және шетелдік спикерлер сөз сөйлейді. Мысалы: case study, сандық және сапалық зерттеулермен жұмыс, зерттеу жұмыстарының дизайны, Zotero және Mendeley бағдарламаларының ыңғайлылығы, Scopus және Web of Science наукометриялық базаларының жұмыс істеу принциптері және тағы басқалар.
Мектептің толық бағдарламасы келесі бетте жарияланған: https://exed.narxoz.kz/landing/NarxozWinterSchool2021
Барлық дәрістердің презентациялары мен материалдары жазылған жазбалар, Нархоз университетінің сайтында бөлек орналастырылады. Жаңартылған ресми сайт (narxoz.edu.kz) және Facebook парақшасы (facebook.com/narxoz.research) арқылы жаңалықтарды қадағалаңыз.