Жаңалықтар (Новая страница)
МК PREDATOR TEST
Ғылыми мақалаңыздың «жыртқыш» болып шығуы мүмкін журналда жарияланғанын қаламайсыз ба? Журнал ғылыми базада индекстелген, бірақ сонда да оны тексергіңіз келе ме? Тіпті жоғары процентильді Q1 журналдары да этикалық нормаларды бұзуына байланысты базада индекстелуді тоқтатады.
Сіздердің назарларыңызға журналдың веб-сайтында және ғылыми базадағы журнал профилінде бар ақпарат негізінде ғылыми журналды ықтимал «жыртқыштыққа» жылдам тексеруге арналған қарапайым құралды ұсынамыз.
Құралдың алгоритмін ғылымиметриямен айналысатын ғалымдар жасап, ғылымның әртүрлі салаларындағы әріптестеріміз сынақтан өткізген.
Тексеру тіркеуді, төлемді немесе жеке деректерді енгізуді қажет етпейді.
Журналды тексеру сілтемесі:
https://kk.narxoz.kz/journalcheck/kz
Игілігіңізге пайдаланыңыз және біліміңізді үздік ғылыми журналдарда таратыңыз.
© Авторлары: Қайрат Молдашев (
https://www.facebook.com/kairat.moldashev
), Болат Кеңесов (
https://www.facebook.com/bulat.kenessov
)
2022-01-16 17:03
2020-2021