Атап айтқанда, "Бизнес-кейстерді дайындау және оларды оқу процесінде қолдану" тақырыбындағы семинар-тренинг тиімді білім беру құралы ретіндегі кейстердің маңыздылығына, оларды халықаралық аренада әзірлеу мен коммерцияландыруға арналды. Докторанттар мен магистранттарға арналған "бизнес-кейстерді пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу" тақырыбындағы басқа семинарда зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу мәселелері қамтылып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Финалдық штрихы "Бизнес және құқық" факультетінің студенттеріне арналған "Кәсіпкерлік және стартаптарды құру" тақырыбындағы "Қонақ дәрісі"болды.
SRCC-Орталық Азия ұйымдарының кейстерін әзірлеуге және оларды өңірлік және жаһандық аудитория арасында ілгерілетуге бағытталған санаулы орталықтардың бірі. Қазіргі уақытта Нархоз студенттері орталықтың қолдауымен North American Case Research Association (NACRA) беделді әлемдік конференциясында жеңіп алған Forte Bank, We’d Meat Burger, ChocoTravel, The Chess Academy of Kazakhstan, Soluxe Hotel, LingvoMania компанияларының бизнес-кейстері әзірленіп, ұсынылды.