Жаңалықтар (Новая страница)

«Рысқұлов оқулары-2021» жинағы жарық көрді

Құрметті әріптестер, біз сіздермен "Рысқұлов оқулары-2021"қатысушылар тезистері жинағының электрондық нұсқасымен бөлісуге қуаныштымыз! Әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық ғылыми конференция "Нархоз университеті" КЕАҚ базасында 2021 жылғы 15, 16 және 19 сәуірде пандемия аясындағы білім берудегі технологиялық өзгерістерден бастап Орталық Азиядағы білім беру жүйесіне балалардың құқықтарын қорғау құралдарын енгізуге дейінгі ең кең ауқымды мәселелер бойынша өтті.

Біз сіздердің назарларыңызға жинақтың бірінші бөлімінде - спикерлердің "Shaping the Future of Education in Social Sciences" пленарлық сессиясында сөйлеген сөздерінің толық нұсқасынұсынып отырмыз.

Жинақтың екінші бөлімінде 6 панельдік сессиядан, 3 мастер-класстан және 4 ғылыми-зерттеу орталығының тұсаукесерлерінен тұратын ең жарқын сәттер болды. Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Молдова, Украина, Тәжікстан, Дания және Қырғызстаннан келген академиктер, ғалымдар, оқытушылар, университеттер, құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар басшылары қатарынан барлығы 86 спикер қатысты. Екі сессия Ресейлік серіктес университеттер –РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті және Плеханова атындағы РЭУ-нің ұйымдастыруының аясында өтті.. Сессияларға спикерлерді есептемегенде барлығы 300-ден астам адам қатысты.

"Рысқұлов оқулары" - Нархоз Университетінің жыл сайынғы брендтік конференциясы. Біз барлықтарыңызды ынтымақтастыққа және келесі жылғы іс-шараға қатысуға шақырамыз. Сайттағы жаңартуларымызды қадағалаңыз https://narxoz.edu.kz/research және Facebook-тегі ресми бет https://www.facebook.com/narxoz.research.

Жинақты жүктеуге арналған сілтеме: https: //drive.google.com /.../ 1PHE4P7utOrm3gaQYDt3 ... / view ...
2021-06-25 10:29 Барлық ғылыми орталықтар 2020-2021