Жаңалықтар (Новая страница)

Жаңа зерттеушілерімен ориентациялық кездесу

2020 жылдың 15 желтоқсанында 2020-2021 бағдарламаның жаңа зерттеушілерімен ориентациялық кездесу өткізілді. Кездесу барысында Нархоз университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры - Әйгерім Раимжанова, Ph.D, құттықтау сөз сөйледі. Кездесудің негізгі спикерлері халықаралық сарапшылар болды: профессор Мики Меурс, Америка Университетінің (Вашингтон, АҚШ) экономика саласындағы гендерлік талдау бағдарламасының ко-директоры, ол стипендиаттарға гендерлік экономика саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттары туралы айтып берді және болашақ зерттеулер үшін өте құнды кеңестер берді; және Қырғызстандағы Деректер мектебінің негізін қалаушы және дерек журналисті Алтынай Мамбетова, ол адамдарға түсінікті әрі қызықты болу үшін деректерді өңдеу және визуализация мүмкіндіктері туралы айтты. GERC директоры Майгүл Нұғманова қатысушыларды Орталықтың қызметімен таныстырды және алдағы зерттеулерге арналған жұмыс жоспары мен кестесі туралы, сондай-ақ АҚШ пен Оңтүстік Кореяның халықаралық сарапшыларының стипендиялық бағдарламасы аясында өткізілетін жоспарланған семинарлары мен тренингтері туралы айтты.
Биылғы стипендиялық бағдарламаға үш зерттеуші қатысады, олар: «Пандемияның әйелдердің үйдегі ақысы төленбейтін жұмысына және күтім жұмыстарына әсері», «Гендерлік сегрегация және еңбек нарығындағы теңсіздік: COVID-19 әсері» және «Гендерлік статистика».
2020-2021 бағдарламасының зерттеушілері:
1. Ақбота Сәдуақасова, Экономика Магистрі, Қазақ-Германия университеті;
2. Альмира Табаева, Магистр, Назарбаев Университеті;
3. Тілеубаев Алишер, Магистр, Сүлеймен Демирел атындағы Университет. Зерттеушілер таңдаған бағыттар өте қызықты және өзекті.
GERC тобы профессор Мика Меурске Нархоз университетіндегі гендерлік экономика ғылыми-зерттеу орталығын дамытуға қосқан үлесі, қолдауы және көшбасшылығы үшін алғыс білдіреді. Стипендиялық зерттеу бағдарламасы Сорос-Қазақстан қоры қолдауы аясында өткізіледі.

Зерттеушілерге жемісті де қызықты жұмыс пен жақсы басылымдар тілейміз!
2020-2021