Жаңалықтар (Новая страница)

«VII ВСКЭБ» экономикалық қауіпсіздік бойынша екінші халықаралық ғылыми-практикалық форумы өз мәртебесіне жетті!

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы Университеті  «Нархоз Университетімен» бірлесе 21-23 сәуір аралығында атаулы форумды ұйымдастырды. Форумның басты міндеті - жас ғалымдарға қазіргі кездегі «Экономикалық қауіпсіздік» маңызды тақырыбына байланысты ғылыми жобаларын талқылау алаңын ұсыну болып табылады. Осы форумда Нархоз университетінің Ғылыми-зерттеу бөлімі «Экономикалық қауіпсіздік және оның құқықтық аспектілері» секциясын басқарды және ұйымдастырды. Қазылар алқасына Университтің белгілі ғылым өкілдері шақырылды: экономика ғылымдарының кандидаты, деканның даму жөніндегі орынбасары - Казиева Гулжаухар Турсунхановна, «Экономика» ОП жетекшісі - Момынкулова Шолпан Ордабековна және Ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы - Шенин Андрей Сергеевич. Қазылар алқасына бағалау үшін плагиатқа тексерілген 13 жұмыс ұсынылды.

Біз әр жұмыс жүлделі орынға лайық деп санаймыз. Бұл нәтижелер - ұзақ талқылаудың жемісі. Келесі жеңімпаздарды құттықтаймыз:

1 дәрежелі диплом:
  1. «Арнайы құқықтық режимдер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нысаны ретінде», Данил Алексеевич Стренин және Анастасия Игоревна Мороз, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің студенттері.

II дәрежелі дипломдар:
  1. «2021 жылға арналған инвестициялық портфолио», Төкеш Алқайыр және Ермак Виктор, 2 курс студенттері, «Нархоз Университеті» , ғылыми жетекшісі  М.Қожахметова, т.ғ.д., профессор;
  2. «Қасақана банкроттықты жүзеге асырудағы корпоративті алаяқтық: талдау және қарсы әрекет», Зайцева Лада Александровна және Власенко Анастасия Виталиевна, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің студенттері, ғылыми жетекшісі Л.Х.Боташева, т.ғ.к., доцент профессор.

III дәрежелі дипломдар:
  1. «R талдау арқылы гендерлік төлемдердің айырмашылығы», Қазекен Мадина, 2 курс студенті, «Нархоз Университеті», ғылыми жетекшісі Мұқан М.М., аға оқытушы;
  2. «Экономикалық қауіпсіздікте блокчейн технологияларын қолданудың құқықтық аспектілері», Анастасия Кондратьева, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің студенті, ғылыми жетекшісі А.Усанов, п.ғ.д., доцент;
  3. «Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы және оның мемлекет экономикасына әсері», Дюсембаева Диана және Файзуллаева Айнур, 3 курс студенттері, «Нархоз Университеті» 

Дипломдардан бөлек, форумның қорытындысы бойынша ҒЗЖИ индекстелген ғылыми жұмыстар жинағы жарық көреді. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетіне көрсетілген сенім мен ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Сіздің жұмысыңызды келесі жылы көреміз деген үміттеміз!
2021-04-29 09:04 Студенттік ғылым