Жаңалықтар (Новая страница)

Қыркүйек айында Student Research Club "Ғылым: қызықты, оңай, тиімді" атты ең алғашқы іс-шарасы Ғылыми-зерттеу бөлімі мен Студенттер жөніндегі деканаттың қолдауымен өтті.

Қыркүйек айында Student Research Club "Ғылым: қызықты, оңай, тиімді" атты ең алғашқы іс-шарасы Ғылыми-зерттеу бөлімі мен Студенттер жөніндегі деканаттың қолдауымен өтті. Ғылымның беретін мүмкіндіктері мен пайдасы жайлы ақпарат алу үшін онлайн және оффлайн форматында 30-дан аса қатысушылар жиналды. Ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы Андрей Шенин және халықаралық конференциялардың қатысушысы Хегай Алина қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер ғылыммен айналысудың басты артықшылықтары, қаржыландыру мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, жас ғалымдарға мақалаларды жазу бойынша кеңестер берді. Іс-шара барысында барлық қатысушылар арасында Нархоз Университетінің брендті сыйлықтары ойнатылды. Клуб отырыстары жүйелі түрде онлайн-форматта немесе барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып оффлайн форматта өткізіледі.
2020-12-13 05:39 Студенттік ғылым