Әлеуметтік жұмыс,
Психологиялық кеңес беру және
Әлеуметтану

Әлеуметтік жұмыс

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы “Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік және психологиялық жұмыс” мамандандыруымен әлеуметтік саланы ұйымдастыру және басқару, әлеуметтік психология саласында мамандарды даярлауға бағытталған. Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының тығыз байланысын әлеуметтік психологияға баса назар аудара отырып осы бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде әлеуметтік міндеттерді шешумен айналысатын мемлекеттік және үкіметтік емес сектор үшін әлеуметтік саланың бәсекеге қабілетті мамандарын қалыптастырады
Әлеуметтік қызмет мамандарының еңбек нарығындағы жоғары сұраныстарын және оның жоғары еңбек ұтқырлығын ескере отырып, оқуды аяқтағаннан кейін студенттер әлемнің түрлі бөліктерінде сұранысқа ие бола алады.
Курстарға шолу
  • Психология
  • Әлеуметтік жұмыс технологиясы
  • Әлеуметтік медицина негіздері
  • Әлеуметтік жұмыс психологиясы және тұлға психологиясы
  • Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары
  • Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
  • Психодиагностика және психокоррекция
  • Жас және дифференциалдық психология
  • Халықтың осал топтарымен әлеуметтік жұмыс
  • Әлеуметтік бағдарламаларды бағалау
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік және жобалау
Академиялық болашағы:

Әлеуметтік жұмыс, мемлекеттік басқару, психология, әлеуметтану және т. Б.

мамандықтар бойынша магистратурада оқуды жалғастыру

Кәсіби мүмкіндіктер:
  • Мемлекеттік әлеуметтік қорғау және басқару органдарында жұмыс;
  • ЮСАИД, ЮНИСЕФ, БҰҰ халықаралық ұйымдарының филиалдарында;
  • жергілікті ҮЕҰ-да;
  • әлеуметтік қызмет көрсететін жеке секторда қызмет ете алады.

Психологиялық кеңес беру

«Психологиялық кеңес беру» білім беру бағдарламасы «Қызмет көрсету психологиясы» мамандандыруымен психологиялық диагностиканың, түзетудің заманауи әдістерін меңгерген, классикалық және заманауи психологияны терең білетін жетекші мамандарды даярлаумен айналысады. Еңбек нарығы мамандарының болжамдары бизнес психологиядан отбасылық психологияға дейінгі әр түрлі мамандандырылған психология саласындағы мамандарға деген сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.
Нархоз Университетінде «Психология» бағдарламасы бойынша оқытудың нәтижесі жұмысқа орналасу кезінде бәсекеге қабілетті, жергілікті және жақын, алыс шетелдердің ЖОО-дарына түсуде, академиялық ұтқырлық бойынша сұранысқа ие кәсіби ұйымдастыру психологиясының мамандарын қалыптастыратын болады.
Курстарға шолу
  • Жалпы психология
  • Жас ерекшелік психологиясы
  • Тұлға психологиясы
  • Әлеуметтік психология
  • Стресс және стреске төзімді мінез-құлық психологиясы
  • Іскерлік коммуникация психологиясы бойынша Практикум
  • Әлеуметтік-психологиялық тренинг бойынша Практикум
  • Конфликтология және девиантология
  • Медициналық психология
  • Ұйымдастыру психологиясы
Академиялық болашағы:
  • Психология, Әлеуметтік жұмыс, Экономика, Мемлекеттік басқару және т. б. мамандықтары бойынша магистратурада оқуды жалғастыру.
Кәсіби мүмкіндіктер:
  • Мемлекеттік әлеуметтік қорғау және басқару органдарында жұмыс;
  • ЮСАИД, ЮНИСЕФ, БҰҰ халықаралық ұйымдарының филиалдарында;
  • Mектептерде, колледждерде;
  • Жергілікті ҮЕҰ-да;
  • Коммерциялық ұйымдарда, HR бөлімінде;
  • Психологиялық қызмет көрсететін жеке секторда

Әлеуметтану

«Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы «Қала әлеуметтануы» және «Цифрлық технологиялар әлеуметтануы» мамандандыруларымен урбанистика және digital әлеуметтану саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Нархоз университеті қабырғасында осы мамандықтың ең басты ерекшелігі мен артықшылығы - бағдарламаның өзекті курстары, практикалық әлеуметтік зерттеулер жүргізуде мол тәжірибесі бар мамандар мен студенттерді қалалық, республикалық жобаларға міндетті түрде тарту, ағылшын тілін кәсіби деңгейге дейін жетілдіру мүмкіндіктерінің болуында. Бағдарламаның икемділігі және қолданбалы әлеуметтік зерттеулер жүргізу дағдыларын дамытуға назар аударуы түлектерге өздерінің кәсіби қалыптасуымен шектелмеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері маркетингтік және саяси қолданбалы зерттеулерді сәтті ұйымдастыра және жүзеге асыра алады.
Курстарға шолу
  • Қазіргі социологиялық теориялар
  • Cоциологиялық зерттеулер әдіснамасы
  • Әлеуметтік-экономикалық статистика және әлеуметтанушыларға арналған бағдарламалық өнімдер
  • Қаланың әлеуметтік зерттеулері
  • Urban ecology
  • Urban policy analysis
  • Қалалық жоспарлау
  • Деректерді визуализациялау
  • Digital data analysis
  • Critical sociology of big data
Академиялық перспективалар:
  • Әлеуметтану, Мемлекеттік басқару, Халықаралық қатынастар психологиясы және т.б. мамандықтары бойынша Қазақстан мен шетелдерде магистратурада оқуды жалғастыру
Кәсіби мүмкіндіктер:
  • Мемлекеттік құрылымдарда социолог – аналитик ретінде жұмыс істеу;
  • Әлеуметтік және маркетингтік ұйымдарда;
  • Жергілікті ҮЕҰ және халықаралық ұйымдарда;
  • Білім беру саласында

Оқуға қалай түсуге болатынын біліп алыңыз.