Жаңалықтар (Новая страница)

ҚжМБ аға оқытушысы ТМД елдерінің II Халықаралық кітап басылымы «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» сыйлығымен марапатталды

ҚжМБ аға оқытушысы, құқық магистрі Манарбек Слямханович Тлеубаевтың «Вопросы формы государственного правления в Республике Казахстан» тақырыбындағы мақаласы қараша айының басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылыми қызметкерлерінің ІІ нөмірінде «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» жарияланымына қабылданды.

Желтоқсан айының соңында мақала жарияланып, Манарбек Слямханович ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» төс медалімен марапатталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» («ТМД ғалымдары») II Халықаралық кітап басылымы бүкіл ТМД мен Еуропаның ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің ғылымы мен жеке табыстарын насихаттауға бағытталған бірегей жоба болып табылады.

Манарбек Слямхановичты осы марапатымен құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз.
SLPP