«Қазақтелеком» АҚ PROTELECOM 2021 бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілерді қабылдауды жариялайды.
«Қазақтелеком» АҚ PROTELECOM 2021 бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілерді қабылдауды жариялайды. «PROTELECOM» тағылымдама бағдарламасына жоғары оқу орындары мен колледждердің (3,4 курс) студенттері қатыса алады. Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, ««Қазақтелеком» АҚ-да неге жұмыс істегім келеді?» тақырыбында эссе жазыңыз. Тағылымдама Қазақстанның барлық қалаларындағы студенттер үшін келесі мамандықтар бойынша қолжетімді: экономика, менеджмент, HR. «PROTelecom» бағдарламасы бойынша тағылымдама – «Қазақтелекомның» нақты жобаларына қатысудың, Бизнестің ерекшелігін түсінудің және кәсіпқойлар командасында жұмыс істеу тәжірибесін алудың бірегей мүмкіндігі. Студенттердің үздіктері компания қызметкерлері болуға немесе кадр резервіне алынуға мүмкіндік алады.
Жобаны жүзеге асырғаннан бастап бағдарламаны 452 қатысушысы сәтті аяқтады. Олардың көпшілігі «Қазақтелеком» АҚ командасының құрамына кірді және кәсіптерін белсенді түрде ілгерілетуде. Бағдарлама туралы толығырақ мына телефон арқылы білуге болады: +77051648724 (Балтабаева Айгүл).