АҚШ-тың мемлекеттік саясатындағы процестерге басымдық берген бұл басылымда экономикалық дағдарыс жағдайында шешім қабылдау мәселесі, сондай-ақ, мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы Обама əкімшілігі мен Буш əкімшілігінің ерекшеліктері салыстырылады. Оқулық саясаттану мамандығын таңдаған студенттерге және мемлекеттік саясат туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.