100 жаңа кітап

Әдебиет теориясы: Кіріспе

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.
Кітапта структурализм, постструктурализм бағыттары зерделенеді. ХХ ғасырдың 50–60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері – М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиеттанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жаттығуларымен қоса берілген.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиеттану