100 жаңа кітап

V Халықаралық конференция

2021 жылдың 3-4 наурызында «Жоғары білім беруді жаңғырту контекстінде жоғары оқу орындарының кітапханаларын трансформациялау» атты V Халықаралық конференция КЕАҚ «Нархоз университеті»,       ҚР ЖОО кітапханалары қауымдастығының қолдауымен өтті.
2021 жылдың тақырыбы: ""Жоғары білім жаңа шынайылықта: академиялық кітапханалар үшін сын-қатер"" 
Конференцияның мақсаты- жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау.
Конференцияға Қазақстанның 53 ЖОО кітапханаларының 200-ден астам басшылары мен жетекші мамандары қатысты.
Конференция жұмысына алғаш рет кітапхана ісі аумағындағы жетекші сарапшылар, шетел кітапханаларының өкілдері АҚШ-тан, Ұлыбритания, Нидерланды және Ресейден қатысты, соның ішінде:
-Пенсильвания штатының университеті;
- Принстон университеті;
- Ковентри университеті;
- Оберн университеті;
- Амстердам университеті;
- Амстердам қолданбалы ғылымдар университеті;
- Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті;
- Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;
- Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті;
Іс-шараның басты демеушілері болып қатысқан компания «EBSCO Information Services» және «Гребенников» баспа үйі.
Академиялық қызмет жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор С.Ы. Өмірзақов конференция қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол бірнеше жылдан бері бұл конференция академиялық кітапханалардың алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға тиімді алаң болғанын атап өтті. Ол академиялық кітапханаларды трансформациялау жоғары оқу орындарының қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды шарты екенін баса айтты.
Конференция бағдарламасы бірнеше сессиядан және «Кітапханаларға арналған қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен қызметтер » шеберлік-класынан тұрды.         Отандық және шетелдік кітапхана ісі өкілдерінің шеберлік кластары, презентациялары ұсынылды.
Ерекше назар аударылды:
- жаңа түрдегі кітапханалардың үлгісі құрылды, сандық дәуірдің оқырманына- жаңа қолданушыларға бағытталған;
- пайдаланушыларға қызмет көрсетуде электрондық ресурстың мүмкіндіктерін кеңейту;
- ресурстарды бірлесіп қолдану және кітапхана аралық абонемент, басқа кітапханалардан материалдарды алып пайдалану, бұл зерттеушілерді қолдауға жағдай туғызады, олар қол жетімсіз болғанда; 
-кітапханалардың ұсынған ғылыми-зерттеу қызметтері;
- сандық ғылыми инфрақұрылымды дамытудағы кітапханалардың рөлі (электронды кітапханалар, баспалар, журналдар, архивтер, институционалды репозиторийлер);
- кітапханалардың әлемдік рейтинг жүйесінде университет көрсеткішін жақсартуды жүзеге асыруға және шараларды әзірлеуге қатысуы;
-кітапхана ісі бойынша халықаралық стандарттар және т.б.;
- Кітапхана ісі саласында қолжеткен инновациялармен және тәжірибе алмасумен аяқталған бұл конференцияның басты мақсаты орындалды деп есептейміз, ал алынған нәтижелер барлық қатысушылар үшін пайдалы болмақ!                                                                                                                                                                                                                                                                Конференцияны дайындауға және өткізуге белсенді қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!


Жаңалықтар