Ғылыми зерттеулер бөлімі 2021 жылдың 11 наурызында өтетін Narxoz Student Research-2021 конференциясына арналған ғылыми мақалалардың қабылдауын жариялайды. Нархоз Университетінің бүкіл бөлімдерінің бакалавриат пен магистратура студенттерін қатысуға шақырамыз.
Тематикалық бағыттар:
- Қаржы және экономика
- Кәсіпкерлік пен менеджмент
- Құқық пен мемлекеттік басқару
- Политология және социология
- Тұрақты даму және экология
Рәсімдеу талаптары:
.Doc, .docx форматындағы мақала мәтіні (макс. 2000 сөз)
Үш тілдегі аңдатпа (150 сөзден аспайтын)
Қолданылған әдебиет тізімі (APA стиліндегі кем дегенде 10 сілтеме)
Өзіңіз жайлы ақпарат (аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны)
Шрифт: Times New Roman, өлшемі- 12, интервал- 1,5.
Мақалалардың қабылдауы 2021 жылдың 12 ақпанға (осы күнмен қоса) дейін жалғасады. Мақалалар diana.baidollinova@narxoz.kz электронды поштасына «Narxoz Student Conference 2021» деген атпен жіберілуі керек.
Барлық жұмыстар анонимді шолу мен плагиатқа тексеруден өтеді. Шығармалар рецензенттің оң бағасын алғаннан кейін жариялауға рұқсат етіледі.