Жаңалықтар (Новая страница)

Алматы қаласының ЖОО арасында үстел теннисінен жарыс өтті

2021 жылы 31 қазанда «Шарик-Марик» клубында Алматы қаласының ЖОО арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Жарысқа 13 команда қатысты, жарысқа қатысушылардың жалпы саны: 25 қыз және 54 ұл.
Нархоз университеті әйелдер құрама командасының құрамы:
  • Батырбек Зарина «Әлем экономикасы» мамандығы, 4-курс;
  • Малоиван Ольга «Әлеументтік жұмыс» мамандығы, 1-курс;
  • Жалалдин Гүлназ «Қаржы» мамандығы, 1-курс.


Осы жарыста Нархоз университетінің әйелдер құрамасы жеңіске жетті.
Жеке есепте "Қаржы" мамандығы бойынша 1 курс студенті Жалалдин Гүлназ 2 орын иеленді.
Жарысқа пәнаралық білім беру орталығының қауымдастырылған профессоры Садыкова Жаксыкуль Лесбековна дайындап, шығарды. Жақсыкүл Лесбековна мен үстел теннисінен құрама команданың қыздарын осы жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз!


Спортта және оқуда жоғары жетістіктерге жетуге тілектеспіз!