Alumni

Достар, сіздерді 2021жылдың 19-21- мамырда өтетін мансаптық Хакатонға шақырамыз.⠀

Достар, сіздерді 2021жылдың 19-21- мамырда өтетін мансаптық Хакатонға шақырамыз.⠀

«Казатомпром» ҰАК» АҚ-ның мансаптық хакатоны - бұл компаниямен, оның корпоративтік мәдениетімен және жас мамандар мен тәжірибелі сарапшылар үшін мансаптық мүмкіндіктерімен танысуға арналған алаң. ⠀

Іс-шара бағдарламасында сессиялар және компания сарапшыларының қатысуымен панельдік пікірталастар өткізіледі, олар компаниядағы мансаптық мүмкіндіктер туралы, мансаптағы ментордың рөлі мен мансаптағы лайфхактар туралы, жас таланттарды дамыту және жастарға арналған мүмкіндіктер туралы айтып береді.⠀

Іс-шара бойы кейс-чемпионат өтеді, оның жеңімпаздары компанияның топ менеджерлері мен сарапшыларымен жеке ментор, коуч және мансаптық сессияларға қатысуға бірегей мүмкіндік алады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының түлектері үшін IZBASAR жас мамандарға арналған бағдарламаны іріктеудің екінші кезеңіне өту және практикамен айналысатын мамандар үшін ашық бос орындарға қабылдау кезінде кәсіби тестілеу кезеңінен өту мүмкіндігі. ⠀

Мансаптық Хакатон мен кейс-чемпионатқа қатысу үшін https://careerhack.kazatomprom.kz⠀ сайтта алдын ала тіркеуден өту қажет: