Экономика және менеджмент мектебі құрамына 4 бөлім кіреді - «Қаржы және деректерді талдау», «Туризм және сервис», «Менеджмент және маркетинг», «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит», сондай-ақ мектептен берілген «Экономика» білім беру бағдарламасы «Қоғам, технология және экология» мектебінен ауысады.
Екінші мектеп - бұл Жоғары бизнес мектебі, ол тек бизнес біліміне бағытталған. Бұл мектепке MBA, EMBA, “Қолданбалы қаржы” және Үздіксіз кәсіби білім беру орталығы кіреді. Жаңадан құрылған Жоғары бизнес мектебінің деканы болып Давлат Абдувалиев, MBA, тағайындалды.