мәдениет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа; сондай-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен процестеріне, ішкі және халықаралық саясаттың түйісуі және жаһандық саясат мәселелеріне талдау жасалады. ХХІ ғасырдағы әлемдік саяси тәртіптің өзгеруі, жаһандық басқару және оның тиімділігі, дәстүрлі саясаттың кемшіліктері баяндалады.
Бүгінгі саясат пен саясаттануға кіріспе ретінде жан-жақты мағлұмат беретін оқулықтың осы бесінші басылымы саясаттану бөлімінде оқитын студенттерге, сондай-ақ осы пәнге қызығушылық танытушы оқырманға арналған.