Конференцияның мақсаты - жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау.
Ресейлік компания «Гребенников Баспа үйі» іс-шараның басты демеушісі болды.
АҚ «Нархоз Университеті» Академиялық қызмет жөніндегі проректор м.а. профессор С.Ы. Өмірзақов конференция қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.
Бұл конференция Жоғары оқу орындары кітапханаларының алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға жақсы алаң екенін атап айтты. Сонымен қатар ЖОО кітапханаларын трансформациялау университеттердің қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды шарты екенін баса айтып өтті.
Конференцияға «Бәрі де өз қолыңда» зияткерлік оқу клубының меценаты Азамат Өтенов шақырылды және ол конференцияның барлық қатысушыларына көркем әдебиет туралы кітаптар сыйлады!
Конференцияға авторлық құқық бойынша әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшылар, шетелдік кітапханалар мен халықаралық ақпараттық компаниялар мен агенттіктердің өкілдері қатысты.
Отандық және шетелдік кітапхана ісі өкілдерінің шеберлік кластары, сонымен қатар мамандардың кеңестері ұйымдастырылып, баяндамалары ұсынылды.
Жаңа типтегі кітапхананың моделін қалыптастыруға, жаңа пайдаланушыға бағытталған -сандық дәуірдің оқырманына, пайдаланушыларға қызмет көрсетуде электрондық қорлардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, кітап қорларын цифрландырудың заңды аспектілеріне, авторлық құқық пен плагиатқа ерекше назар аударылды.
Конференция бағдарламасы төрт сессиядан тұрды:
Сессия 1. «ЖОО кітапханаларын трансформациялаудың жаңа үлгілері мен жолдары»
Сессия 2. «Ғылым мен мәдениетті қолдау үшін жетекші шетелдік компаниялардың электрондық ресурстары».
Сессия 3. «Заманауи кітапханада сандық трансформацияның ерекшеліктері»
Сессия 4 .«Қоғамның инновациялық дамуына плагиат қауіпті»
Конференция шеңберінде оқыту семинарлары ұйымдастырылды:
"ЖОО-ның кітапханаларында кітап қорын цифрландырудың құқықтық аспектілері: мәселелері және оларды шешу жолдары»
Әзірбайжан мен Ресейдің әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшылары авторлық құқық жайлы презентация жасады:
- Маммадкаримов Исмаил, Еуразиялық Конфедерациясы қоғамның құқық иеленушілердің бас директоры (ЕАКОП), Әзірбайжан авторлық қоғамы Басқарма Төрағасы.
- Иван Анатольевич Близнец, Ғылыми-білім беру орталығының академиялық директоры, Ресей Федерациясының зияткерлік меншігі және цифрлық экономикасы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы ақпараттық даулар жөніндегі сот палатасының мүшесі.
«Жоғары оқу орындарындағы кітапхана қызметінің сапасын қамтамасыз ету».
Тәуелсіз агенттік және рейтинг сараптамалық кеңесінің төрағасы (АРТА) Марина Александровна Скиба семинар – тринингті өткізді.
Семинардың мақсаты - ЖОО кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Семинарда келесі мақсаттар қарастырылды:
-реинжиниринг барысында жоспарлау қызметінің қабілеттілігін қалыптастыруға ықпал ету;
- ЖОО кітапханаларын сыртқы бағалау рәсімдеріне дайындау;
- ЖОО сапа мәдениетін дамытуға ықпал ету.
Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Кітапхана ісі саласында қол жеткізуге тұратын тәжірибе мен инновациялармен алмасудағы конференцияның басты мақсаты орындалды деп есептейміз және алынған нәтижелер барлық қатысушылар үшін пайдалы болады!
Конференцияны дайындауға және өткізуге белсенді қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!