Жақын арада бұл жігіттер «Қаржылық модельдеу» курсын онлайн және офлайн форматында әзірледі ⦁ @fel.company. Қысқа уақыт ішінде бұл курс көптеген адамдарға қаржылық талдау және модельдеу негіздерін игеруге және осы білімді іс жүзінде қолдануға көмектесті.
Мәди мен Дәурен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, Англияның беделді жоғары оқу орындарында білім алған. Air Аstana, Самұрық-қазан, KazEnergy, ҚР Ұлттық Банкі сияқты ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі бар. Жұмыс және оқу жылдарында жігіттер өз ісінің тәжірибелі мамандары болды.
Біз олардың бөлісетін дағдылары еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие және жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететініне қуаныштымыз.
Біздің түлектерімізге еңбектері үшін, университетке деген адалдығы үшін, өз білімдерімен бөлісуге деген ықыласы үшін және еліміздің қаржылық білім беруінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіргіміз келеді.