Жаңалықтар (Новая страница)

Идеядан жариялауға дейін: практикалық воркшоп-марафон

8 сәуірде Нархоз университетінде «Идеядан жариялауға дейін» атты практикалық воркшоп-марафон басталады. Спикер – жоғары білім және ғылым саласының сарапшысы, PhD Молдашев Кайрат Булатович.
Шара барысында қатысушылар ғылыми мақаланы дайындауға қажетті дағдылар мен құралдардың толық циклын меңгеріп, бірнеше ай ішінде өз мақалаларын әзірлейді. Воркшоп офлайн кездесулерден басталып, кейін онлайн форматта жалғасады, бұл оқу процесін жұмыс кестесіне ыңғайлы енгізуге мүмкіндік береді.
Іс-шарада негізгі назар келесі мәселелерге аударылады: келешегі зор әрі аз зерттелген тақырыптарды таңдау, нақты мақсаттар қою және мағыналы зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, теориялық базаны құру және ең қолайлы әдістерді пайдалану. Жұмыстың әр кезеңінде – әдеби шолудан бастап, деректер жинау, талдау және мәтін жазуға дейін – қатысушылар өнімділікті арттыратын және жиі кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектесетін пайдалы жасанды интеллект (ЖИ) үлгілерін меңгереді.
Воркшоп-марафонның тақырыптары:
  • Перспективалы тақырыптарды таңдау: теория мен практикаға маңызды үлес қосатын мәселелерді анықтау.
  • Мақсаттар мен зерттеу сұрақтарын тұжырымдау: нақтылық және негізділік.
  • Зерттеудің теориялық базасы: тиісті теориялар мен концепцияларды іріктеу және бұл үдерісте ЖИ-дің көмегі.
  • Деректер жинау: құралдар, әдістер және этикалық аспектілер.
  • Деректерді талдау: қолданыстағы талдау құралдарын ЖИ технологияларымен үйлестіру.
  • Мақала жазу: writer’s block жеңуге, тиімді өңдеуге және ғылыми терминологияны дұрыс қолдануға арналған ЖИ үлгілері.
  • Тиісті журналды таңдау және мақаланы ұсыну.
Уақыты: 8 сәуір, 17:00

Өтетін орны: Алматы қ., Жандосов көшесі, 55, Нархоз университеті, 109-аудитория.
Қатысу шарттары

Нархоз университетіндегі алғашқы 3 сағаттық офлайн кездесу барлық қатысушылар үшін тегін. Кейін воркшопқа тек офлайн кездесуден кейінгі тапсырманы сәтті орындағандар ғана қатыса алады. Нархоз университетінің қызметкерлері мен докторанттары үшін онлайн кезеңге қатысу тегін, ал басқа қатысушылар үшін – 30 000 теңге.

Қатысу үшін 7 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdPPotYFv40Gbz3K8Um1DNX3QFwJABN3RSUiC998TVROork7A/viewform
Заманауи жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, идеядан жариялауға дейінгі жолды бірге өтейік!
2025-03-28 15:53