Жаңалықтар

Әмбебап жекпе-жектен облыстық чемпионат

2021 жылы 12 наурызда Алматы облысының Есік қаласында 3 күн бойы
өткен жастар мен жасөспірімдер арасында әмбебап жекпе-жектен облыстық
чемпионат аяқталды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Ниет» спорт клубын Нархоз
университеттің 1 курс студенті Хезизов Низамдун (әлеуметтану) қорғады. Бұл
салмақта 8 қатысушы болды. 3 жекпе-жек өткізгеннен кейін Низамдун соңғы
шайқаста 1 орын алып, айқын жеңіске жетті.

Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі
дипломдармен және медальдармен марапатталды. Алматы облысының әмбебап
жекпе-жек чемпионатына Алматы қаласының спорт клубтарының атынан
барлығы 300-ден астам спортшы қатысты.

Студентімізді Облыстық чемпионаттағы Жеңісімен құттықтай отырып,
келесі жарыстарда тек жеңістер тілейміз!