Естеріңізге сала кетейік, төсек-орынды түпкілікті алу төлем және келісімшарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Жатақханалардың орындарын бөлу ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес анықталды.
Орналастыру туралы барлық ақпарат әр студентке қажетті төлем деректемелерімен жеке-жеке корпоративтік поштаға жіберіледі. Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Сіз келесі электронды мекен-жайға хабарласа аласыз: studentlife@narxoz.kz.