100 жаңа кітап

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйтстің «Əлеуметтік зерттеу əдістері» кітабы – əлеуметтік зерттеудің ғылыми жəне логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы. Негізгі тəсілдер мен ғылыми зерттеулердің логикасы арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, бұл кітап зерттеудің төрт тəсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалық зерттеулер жəне қолда бар деректерді пайдаланудың сипаттамасын ұсынады. Эмпирикалық зерттеу мысалдарын ұсына отырып, зерт-
теу процесін егжей-тегжейлі баяндау студенттерге зерттеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика саласында білімін арттырғысы келетін барша оқырман қауымға арналған.

Әлеуметтану