100 жаңа кітап

Азамат Утеновтің «Қаржы әдебиеттері» тақырыбында студенттермен кездесуі

2019 жылы 12 қарашада «Қазақстан экономикасының қаржылық шындығы: жаһандық шақыру мен қауіп-қатерлер» атты студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында  «Қаржы және мәліметтер аналитикасы» Ғылыми-білім беру департаменті мен Ғылыми кітапхананың -Ғылыми ақпараттық орталығы - « Бәрі де өз қолыңда» оқу клубының кезекті отырысымен бірлесіп іс-шара өткізілді. 
Кездесу тақырыбы «Қаржы әдебиеттері». Бұл кездесудің модераторы - Азамат Серікқанұлы Утенов, Қазақстан Халық Банкі АҚ Қазынашылық департаментінің директоры. Қонақпен кездесуге университет оқытушылары мен студенттер шақырылды. 
Ақысыз курстар тұсаукесері клуб отырысына негізгі бағыт берді «Қаржы әдебиетте, кино және өнерде». Ақысыз – курсты ұсынған э.ғ.к., доцент Л.Ж. Құдайбергенова мен аға оқытушы К.М. Казбекова.  
Студенттер жаңа, қаржылық қатынастардың және онымен байланысты қорлардың ерекшеліктерін ашатын үлкен сұранысқа ие классикалық және қазіргі заманауи әдебиеттермен, өнер, деректі және ойын фильмдерінің қызықты курсымен танысты. «Бәрі де өз қолыңда» зияткерлік оқу клубының демеушісі Азамат Утенов, танымдық іш-шара аясында қаржыға көңіл бөліп, қазіргі заманғы әдебиеттер мен әр түрлі тағдырдағы классикалық кейіпкерлердің, заманауи және шетелдік авторлардың кітаптарын ұсынды.
А.Утеновтің дәл осындай өмірлік тәжірибесінде оқып шыққан кітаптарынан алынған тұжырымдарын қабылдауы жайлы, осы әдеби шығармалардың өзіне де қатысты студенттер көптеген қызықты сұрақтар қойды.
Азамат Утенов бірнеше мәрте кітапханаға әлемдік классиктердің Теодор Драйзердің «Қаржыгер», Оноре де Бальзактың «Гобсек», «Отец Горио», Иоганн Вольфганг Гете «Фауст» кітаптарын және басқа да кітаптарды сыйға тартты.
Түйінді  қортынды – әдебиеттердің барлыға өзінің дамуы желісінде пайдалы және  олардың бүкіл қаржыға әсері бақыланып отырады, дегенмен қаржы екінші болып қалады, адамдар арасындағы қарым- қатынас бірінші болып табылады!


Жаңалықтар