Жаңалықтар

Халықаралық бағдарламалар түлектерінің Рамазанова Лаззат Керимкуловнамен онлайн кездесуі

2020 жылдың 24 желтоқсанында халықаралық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Рамазанова Лаззат Керимқұлқызымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесудің тақырыбы «Экономикалық трансформация жағдайындағы гендерлік бастамалар» болды. Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының (GERC) жетекшісі Нұғманова Майгүл Сайынқызы қатысып, зерттеу орталығының қызметі туралы айтып берді, және Орталық пен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы арасындағы ынтымақтастықтың мүмкін жолдарын талқылады. Рамазанова ханым Орталықтың ғылыми-зерттеу және сараптама қызметінің нәтижелеріне және ынтымақтастық жолдарын одан әрі талқылауға қызығушылық білдірді. Екі тарап та бірлескен қызмет пен ынтымақтастықтың өзара тиімді болатынына сенімді.