Студенттер мен жұмыс берушілердің жақынырақ танысуы мен бір-бірімен тікелей байланысуға мүмкіндік беретін дәстүрлі Бос орындар жәрмеңкесі биыл онлайн өтті. Іс-шараны өткізудің алыс форматына қарамастан, Жәрмеңкеге жұмыс берушілер тарапынан белсенділік пен қызығушылықтың өсу үрдісі байқалды.
Барлық кадрлық қызметтердің негізгі лейтмотиві жаңа білім мен идеялары бар жастарды іздеп, оларды компаниялардың кадрлық резервіне тарту болып табылады.
Қазіргі таңда жұмыс беруші ЖОО-нын жаңадан бітірп шыққан түлектердің жұмыс тәжірибесінің жоқтығынан қорықпайды. HR қызметтерінің барлық дерлік басшыларына келесідей: « Сіздер жұмысқа қандай дағдылары мен құзыреттері бар түлектерді алғыңыз келеді?»-деген сұрақ қойылған кезде, барлығы дерлік: «көздері жанып тұрған», «белсенді өмірлік ұстанымы бар және нәтижеге бағытталған» түлектер»- керек деп жауап берді. Компанияларға таңдалған мамандықты тиімді игере алатын қолайлы жеке және іскерлік қасиеттері бар жастар қажет.
Биылғы жылы ONLINE JOB FAIR серіктестері 23 ұйым болды, оның ішінде ұлттық компаниялар, банктер, халықаралық ұйымдар, аудиторлық, өндірістік, заң компаниялары, қонақ үй және туристік бизнес өкілдері кіреді.
Әрбір қатысушы компания олардан тәжірибеден, тағылымдамалардан өту үшін өздерінің ережелері және жұмысқа жалдау шарттары туралы айтып берді. Конкурстық іріктеу шарттары, ізденушілерге қойылатын талаптар, корпоративтік мәдениет, компаниялардың дәстүрлері мен тарихы, жұмыс шарттары және ковид кезеңінде бизнес үдерістердің қалай құрылғандығы туралы біздің студенттерге HR директорлары, менеджерлер және басқарма төрағалары айтып берді. Бұл студенттерге тек компаниялардың қызметімен танысып қана қоймай, сонымен қатар тікелей қызықтыратын сұрақтар қойып, компанияның жетекші мамандарынан және басшыларынан білікті жауаптар алуға тамаша мүмкіндік болды.
Студенттердің ынтасын, олардың одан әрі жұмысқа орналасу үшін қызықты нұсқаларды табуға деген ұмтылысын ерекше атап өткім келеді. Оларды тек жалақы мөлшері ғана емес, сонымен қатар еңбек жағдайлары мен кәсіби деңгейдің жоғарылауы қызықтырды.
ONLINE JOB FAIR-дың барлық қатысушыларына алғыс айтқым келеді, биылғы жылы оның қашықтық форматта өткізілгеніне қарамастан, ол жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті және барлық студенттер үшін пайдалы болды. Барлық кездесулер Narxoz University Youtube-арнасында ашық қолжетімді. ONLINE JOB FAIR өткізуден бұрын белгілі бір ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді: әріптес ұйымдардың пулы, олардың спикерлері мен сөз сөйлеу тақырыптары анықталды. Әрбір спикердің мақсаты студенттер үшін пайдалы және құнды ақпарат айтуға және серіктес компанияларда мансаптық өсу тақырыптарын және қызметкерлер үшін мансаптық мүмкіндіктерді жариялауға, уәждемелік хаттар жазу және түйіндеме жасау бойынша ұсыныстар берді. Әрбір кездесу ZOOM немесе Teams алаңдарында өтті және Youtube каналындағы жазбаларда көрсетілді.
ONLINE JOB FAIR қатысушысы болу үшін студенттер іс – шараға қатысушы әрбір компанияға қолжетімді болатын папкаға жиналған түйіндемені дайындап өткізуі тиіс болды. Яғни, қазірдің өзінде компаниялар бір немесе бірнеше студентті тағылымдамаға немесе жұмысқа ала алады.
HRBP E&Y Алия Балыкбаеваның тренинг тақырыбын атап өткім келеді: «Мінсіз кандидат», Алматы қаласының ӘКК Аскар Билиспеков «ӘКК кадрлық резерві» тақырыбымен таныстырды, жобалар менеджері Эльмира Салимова Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып берді, «ForteBank» АҚ кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз ету бас менеджері Элеонора Сайпиноваға көптеген сұрақтар қойылды.