Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған Юрий Боревтің кітабында заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады. Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедия-лық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген. Оқулық өнертанушыларға, эстетикаға қызығатын қалың оқырманға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.