Нархоз Университетінің дипломдары Еуропада мойындалды
Нархоз Университеті Жоғары білімнің сапасы мен сараптамасы бойынша халықаралық (Еуропалық) агенттік FIBAA-ның аккредиттеуінен өтті, ал оның дипломдарын енді Еуропа, сондай-ақ АҚШ пен Қытайдың жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілері мойындайды.
Нархоз Университетін еуропалық стандарттар деп мойындау оны жетекші еуропалық университеттермен бір қатарға қойды. Бұл еуропалық деңгейдегі білім енді Қазақстанда да қолжетімді екенін білдіреді.
FIBAA Сапаны қамтамасыз етудің еуропалық тіркеліміне (EQAR) кіреді және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастығының (ENQA) мүшесі болып табылады.
«Нархоз бірден аккредиттеудің екі түріне өтініш берді: институционалдық және бағдарламалық. Басында біз білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру ЖОО-ның нституционалдық дамуынсыз мүмкін емес екеніне көз жеткіздік. Өз тәжірибемнен айта кетейін, іс жүзінде институционалдық аккредиттеуден өту бағдарламалық аккредиттеуден әлдеқайда қиын келеді. Мүмкін, сондықтан бірнеше ғана ЖОО-лар FIBAA-ға институционалдық аккредиттеуден өту үшін өтініш білдірді және оны көбі өте алмады», - деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Мирас Дауленов.
Нархоз сөзсіз FIBAA институционалдық аккредиттеуінен өтті - бұл Еуропадағы жоғары оқу орындары ие бола алатын ең жоғары баға. FIBAA сондай-ақ ЖОО-ның «Accounting and Audit» (BA, MA, PhD), «Management» (BA), «Marketing» (BA), «Applied Finance» (MA) и «Law» (BA) бағдарламаларын аккредиттеді.
Нархозды бағалаумен пәндік критерийлердің қатаң жүйесі бойынша FIBAA іріктеген тәуелсіз сарапшылар айналысты. Қазақстандық және еуропалық еңбек нарығы үшін FIBAA аккредитациясынан өту - бұл бітірушілердің жоғары сапалы білімін білдіреді.
«Басқа аккредитациялардан айырмашылығы, FIBAA - бұл «evidence-based accreditation». Сондықтан біз есептерде, Стратегияда көрестілген барлық мәліметтерді үнемі дәлелдеуіміз керек болды. Өздеріңіз білетіндей, немістерді сипаттайдың басты белгілерінің бірі – «тәртіп», неміс тілінде «Ordnung». Сондықтан, FIBAA срапшылары сұхбат кезінде, біз есептерде көрсеткен мәліметтердің бәрін қайта тексеріп отырды»,- деді Нархоз президенті.
Стратегиялық мақсат - 2025 жылға қарай Нархоздың толық халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізу болып табылады.
«Бұл біздің миссиямызды орындаудағы басты қадам, ол Орталық Азиядан келген дарынды жастарға әлемдік деңгейдегі білім беруді ұсыну және қоғам мен экономикадағы өзгерістерді қолдау үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады»,-деп қорытындылады Мирас Дәуленов